МЕН ДЕМЕ…

14 мамыр 2024 1599 0
Оқу режимі

Алла Тағала Хазіреті Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарға:

 – Ібілісті көргенде одан бір нәрсе үйрен, дейді. Мұса пайғамбарда бір күні ібілісті (Алланың лағынеті болсын) көргенде,

 – Маған бір нәрсе үйрет, дейді. Сонда Ібіліс,

– Ешуақытта «мен» деме, мен секілді боларсың, деп кетіпті.ла жоқ

Иә, «мен» деген сөз тәкаппарлықтың белгісі дейді ізгілер. Себебі шайтанның құрдымға кетуіне осы тәкаппарлық себеп болған. Тәкаппарлық – өзін басқалардан жоғары деп санау.

Тәкаппарлық шайтанға: «Мен Адамнан артықпын», – деп айтқызған. Сөйтіп шайтанды Ұлы Жаратушының әмірін менсінбеуге итермелеп, мәңгілік лағынетке ұшыратқан екен.

Тәкаппарлық – адамға ақиқатты қабылдауға кедергі жасайтын рухани дерт. Алланың ардақты Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тәкаппарлықтың барлық түріне қатаң тыйым салып, ондайлар Алланың азабына лайық болатындығын ескертеді. Күшті, қуатты адам қарапайым, кішіпейілді болады, ал әлсіз адам тәкаппар болып келеді.

«Шынында Алла әрбір тәкәппар, менмендерді ұнатпайды» (Лұқман сүресі, 18-аят).

«Тәкаппарлықтан сақ болыңдар! Расында Ібіліс Адамға тәкаппарлықтан сәжде қылмаған болатын» дейді ардақты пайғамбарымыз.

 Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру