НАМАЗДАҒЫ ТАҚУАЛЫҚ

30 қаңтар 2024 2208 0
Оқу режимі

Жаратылуымыздың себебі болып табылатын Аллаға құлшылық міндетіміз қаншалықты ояу көкірекпен орындалатын болса, тақуалыққа соншалықты жақын болмақпыз. Адамды тек ғапылдықтан аулақ және Хақтың ризалығын табу құштарлығымен орындалған? құлшылықтар ғана кәмілдікке жетелей алады. 

Мысалы, намаздың қалай орындалатынын қимыл жүзінде білеміз. Бірақ намаздың хикметі Хақ Тағаламен жүздесу ғой. Ол Алла Тағаладан материалдық және рухани мұқтаждықтарымызды сұрауымыз үшін сыйға берілген жүздесу. 

Бірақ біздің намазымыз қаншалықты дәрежеде хақтың қалауына және үйреткеніне сай орындалуда? Бір аятта: 

- ... Намаз арсыздықтан, жағымсыздардан және жамандық атаулыдан тыяды – деп айтылған (Анкәбут сүресі, 45-аят). 

Біздің намазымыз, шіркін-ай, осындай ма екен?! 

Алла Тағала құлының маңдайы сәждеге бара жатқанда жүрегінің Өзіне қарай жақындап келуін мұрат етіп: 

- Сәжде қылғын да жақындағын! – деп бұйырады (Аләқ сүресі, 19-аят). 

Сәжделеріміз осыған қаншалықты сәйкес? 

Отбасылық өміріміз, кәсіп-тіршілігіміз, жеке өміріміз біздің намаздарымыздың қандай екендігін рентген суретіндей етіп көрсетеді. Егер намазымыз пайда бермей жатса, жүрегіміз қателіктерге толы болса, Алла Тағала ондай адамдар жайында: 

- Қандай өкініш анау намаз оқығандарға! – деп айтады (Мағұн сүресі, 4-аят). 

Сондай-ақ Құран Кәрім үнемі намазды қорғау, намазды тастамау және намазды ықыласпен өтеуге назарымызды аударады. Қимыл жүзінде намазды бастамай тұрып, дәрет алу секілді материалдық дайындықтар жасайтын секілді жүректің де дайындығы керек. Олай болса, жүректер намазды оқығанда соған ғана байланып, соны ғана ойланып тұруы тиіс.

 

Пікірлер Кіру