НАМАЗҒА ҚАТЫСТЫ ФИҚҺИ МӘЛІМЕТТЕР

04 желтоқсан 2024 402 0
Оқу режимі

Парыз бен сүннет арасында көп кідіру, сөйлесу, бірдеңе ішіп-жеу дұрыс емес. Өйткені бұлар намаздың сауабын кемітеді.

Имамның парыз намаздан сәлем берген соң, сүннет қылу үшін парыз оқылған жерден сәл солға қарай тұруы, жамағаттың да соңғы сүннеттерді парыз оқыған жерден орын ауыстырып оқығаны мүстәхаб. Сөйтіп мешітке кейін келген адамдар парыздың оқылғанын да біледі.

Дұға жасаған кезде көкке қарау мәкрух. Өйткені бұл әдепке қайшы әрі Алла Тағалаға талап қою тәрізді қылыққа жетелейді. Пайғамбарымыз (с.a.у.) үмметіне бұлай етуге тыйым салған.

Ұйықтап қалған адамды уақыты өтпей намазын оқуы үшін ояту міндет. Ұйықтап қалған кешірілсе де, оны оятпаған адам күнәға кіреді.

 

Пікірлер Кіру