ӨЛІМНЕН ҚОРЫҚТЫҢ БА?

02 сәуір 2024 2114 0
Оқу режимі

Бізге дейін жеткен деректерке сүйенсек Ілияс пайғамбар (ғ.с.) ажал періштесі Әзірейілді (ғ.с.) көргенде қатты қорыққан екен. Періште Ілияс пайғамбардан не үшін қорыққанын білмекші болып:

 – Уа, Алланың Елшісі! Өлімнен қорықтың ба? – деп сұрайды. Ілияс (ғ.с.):

 – Жоқ. Өлімнен қорыққандығымнан емес, дүниеден қош айтысатындықтан осы күйге түстім, – дейді.

 Кейін сөзін:

– «Дүниеде Раббыма құлшылық етуге, адамдарға жақсылық жасауды насихаттауға, жамандықтан тыюға тер төгетінмін. Барлық уақытымды құлшылықпен және игі істермен өткізетінмін. Көркем мінезді болуға күш салатынмын. Бұл халім менің ішкі дүниемді жай таптырып, көңілімді қуанышқа бөлеп, рухани тұрғыдан ләззат алып, көңілімді шат-шадыман ететін. Егер ажалым жетсе бұл айтылған ләззаттан мақұрым қаламын. Қиямет қайымға дейін қабірде жатып қаламын деп мұңға батамын», – деп жалғастырған екен.

Сондықтан ажал келместен бұрын, қолдағы мүмкіндікті пайдаланып, барша күш-қуатымызды құлшылық етуге, білімге, Құран Кәрімді оқып үйренуге, онымен амал етуге, үмметтің бірлігіне, ұлтымызға, мемлекетімізге қызмет жасауға жұмсауымыз қажет.

 Дайындаған Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру