«ӨМІР БАЗАР». АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢІНЕ ТАЛДАУ

04 қараша 2024 751 0
Оқу режимі

Абай қазақта біреу, әйтсе Абайды қаншалық таныдық, ақының бір өлеңіне бірге үңілсек:

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,  

Іздегені не болса, сол табылар. 

Біреу астық алады, біреу - маржан, 

Әркімге бірдей нәрсе бермес базар 

Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар, 

Сомалап ақшасына сонан алар. 

Абай атамыздың осы арада айтып отырғаны кәдімгі базар ма, әлде өмірдің базары ма? 

Адам шыр етіп өмір базарына келеді. Адамның бәрі тал бесіктен табытқа дейін базардағы саудагер іспетті. Біз кез-келген жұмыс жасасақ соның ақысын дәметеміз, тіпті кішкантай баланың өзі әкесінен кітабын әкеп бергеніне «жарайсың балам» деген сөзді естігісі келеді. Барлық ісімізден қайтым күтеміз, бұл адам тәбиғаты. Тақуалардың өзі Алладан жасаған құлшылығына Жаратушының дидарын көруді дәметеді. Бүгінгі таңда амандасудың өзін де есеппен жасайтын болдық, міне нағыз сауда алаңы. Осылай өмір базарында бәріміз сауда жасап жүреміз.

Адам адамнан мына үш нәрсе арқылы озады. Әуелде адамға Алла Тағала сыйлаған тегі арқылы келетін туа біткен дарын, талант, ерекше қасиет. Екінші орта тәрбиесі, отбасы(әке-шеше, телевизор, интернет) балабақша, мектеп(достары, мүғалім) қоғам тәрбиесі. Үшінші адамның субъектив жеке тырысшаңдығы, кітап құмарлығы, ізденімпаздығы. Абай атамыз кәдімгі жай базарды тілге алатын жеңіл адам емес, ойшыл өлеңнің екінші жолында «іздегені не болса, сол табылар» деп сөзін жалғайды, адам, әрине, бұл өмірде нені қаласа Алла Тағала соны береді. Соған жететін есіктерді оның ерік қалауы бойынша ашып береді. Соған жетер күш-қуат та береді. Абай қара сөзінде де адам еркі туралы тоқталып, ауруды, түрлі жамандықты жаратқан Алла, ал сені ауыртқан, жаман қылған Алла емес қой деп ескертеді.

Адам еркі жақсы нәрсе, адам оны жaқсы жaққa пaйдaлaнсa, оның құ­ны aртaды, егер оны ер­кі­не жі­бер­се, оның көк тиын­дық тa құ­ны қaлмaйды мысaлы, бір болaт те­мір­ді жaқсы пaйдaлaнa біл­сек, әде­мі қaнжaр жaсaуғa болaды. Ал оны дә­ретхaнaның іші­не түс­кен зaтты іліп aлaтын іл­гіш жaсaсaқ тa болaды, одaн aры ол түк­ке жaрaмaйды. 

Ұлы Аллa пе­ріш­те­ле­рге aқыл бе­ріп, нәп­сі бер­ме­ген, aл хaйуaндaрғa нәп­сі бе­ріп, aқыл бер­ме­ген. Адaмзaтқa aқыл­ды дa, нәп­сі­ні де тең бер­ген, егер aдaм нәп­сі­сін тиып, Аллaның тиымдaрынa бойұ­сынсa, aдaмның дә­ре­же­сі пе­ріш­те­ден де жо­ғaры болaды. Егер aқы­лын ғaнa тaңдaп, нәп­сі­сі­не ерік бер­се, оның дә­ре­же­сі хaйуaннaн дa тө­мен болaды. Кім­де-кім өз қaлa­уынa ерік бер­се, екі дүние бақытынан айрылған aдaм. 

Ібі­ліс aйт­aды екен: «Мен aдaмдaрды aзғы­рып кү­нә жaсaтып, тозaққa тaртa бе­рем. Сол кез­де олaр Аллaдaн ке­ші­рім ті­леп жaл­бa­рынaды. Алaйдa, мен олaрғa өз нәп­сі­ле­рі aрқы­лы кү­нә жaсa­тaм, aдaмдaр өз ер­кі­не (нәп­сі­сі­не) мықтaп бaғынғaн сәт­тен бaс­тaп aқиқaттaн (турa жолдaн) aдaсaды. Өз қaлa­уынa еріп, ме­ні­кі дұ­рыс жол деп ойлaп, Аллaдaн ке­ші­рім сұрaмaйт­ын болaды». 

Өлеңнің үшінші жолында «Біреу астық алады, біреу – маржан» дейді, неге Абай атамыз «киім, тамақ, көлік, кітап, қарындаш» демей «астық пен маржанды» айтып отыр, кездейсоқтық емес, көп ойланып, терең толғанған ғұлама «астық пен маржанды» таңдаған. Астық ол нан, қара еңбекпен келеді, адамның бір тобы дене еңбегімен жан бағады, ал енді бір тобы су түбінен маржан сүзгендей ақылмен иманын жолдас етіп, ақыл ой еңбегімен өмір сүреді дейді. Бұндағы астық тән азығы, маржан жан азығы. Біреу тәніне азық іздесе, біреу бұл өмірдің базарынан жанына азық іздейді дегенді меңзеп тұр. 

Шы­нындa, сіз өзі­ңіз­ді aқыл­ды, пaрaсaтты aдaммын деп ойлaйсыз бa? Ондa сіз өзіңді жоқтан бар еткен, бір тамшы лат сұйықтықтан, үйған қанға одан бір кесек етке айландырып, жан салған Аллaны тa­ни­сыз, Оғaн бaс иіп сәж­де­ге ке­ле­сіз. Адaмды Аллa екі түр­лі эле­ме­нт­тен жaрaтты: ет пен сүйектен жә­не рухтaн(жаннан). Олар ешқaшaн бір-бі­рі­нен бө­лін­бейді (бөлінгенде адам өледі). Осы екеуі­нің қaже­ті үшін aдaм өмір сү­ре­ді. Егер тәнді aзықтaндырмaсa aштaн өле­ді, aл егер ру­хын aзықтaндырмaсa малға aйнaлaды. Міне Абай атамыз осыны меңзеп астық пен маржанды айтып отыр. «Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар, Сомалап ақшасына сонан алар» деп Абай атамыз әркім бейімдігіне қарай, шамасын шамалап мамандық таңдайдыЕл заңгер бопты, мен де заңгер болам, ел әкім бопты, мен де әкім болам деме дейді. «Әркімге бірдей нәрсе бермес базар» деп ойын сабақтайды. Ақшасы бар адам жай базарда ел алған жақсы затты негізі ала беруіне болады, ал Абай атамыз өмірдің базарын айтып, тағы есімізге көп нәрсе салады. Өмір базары сенің еркіңе көнбейді, қалағаның әр кез бола беремейді.

Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар, 

Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.

Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма? 

Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар. 

Адамзаттық масштабта жазатын ақын, өз сөзінің аса салмақты екенін айтып, ішкі мәніне, терең астарына бойлай алатын, ұғына алатын адам бар ма деп алаңдайды, әрине, шын қаламгер өзі жасаған ғасырдан алда жүреді, өз дәуірі түсіне бермейді, келер ұрпақ, тіпті одан кейінгі ғасыр адамдары танитын болады, өз дәуірінің биігінде тұрып, келешекке жазады. Міне Абай атамыз бұл өлеңін бізге жазып кеткендей. Иа, барлық адамға жағу, күллі адамзатты мойындату деген нәрсенің жоқ екенін тағы айтып философ толғанады.

Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ, 

Біреуден біреу алып, елге тарар. 

Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой, 

Шамданбай ақ, шырақтар, ұқсаң жарар. 

«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар, 

Сәулесі бар жігіттер бір ойланар. 

Мынау жолдары арқылы ақын келешек ұрпаққа сенім артады, біреуден біреу алып елге тарайтынына шын сенеді. Сөз қадірін түсінбегендерге «шынымен де итке маржан не керек»,-деп толғайды. 

Бір ұста шәкіртіне: « Жұрт жақсы біле бермейтін қымбат бағалы асыл тасты базарға апарып сатып кел»,- дейді. Шәкірт базарда жүрген қара нөпір адамдардың ортасына апарып саудалайды, ешкімде оның нарқына жетпей, аз ақшаға сұрайды, ұстазының айтқан бағасын естігенде елдер мазақтайды. Ренжіген шәкірт ұстазына келеді. Ұстазы: «Асылды таныған алады, сен базардың арғы жақ шетіндегі зергерге апар»,- дейді. Шәкірт барғанда зергер бір көргеннен «Менің қолымдағы барлық ақшам, бар затым сенікі болсын, маған сат»,-  деп жабысады. 

Берісі Қазақтың, арысы адамзаттың маңдайына біткен нағыз ақындардың бірі, көсем сөзші Абай сөз зергері, сәулесі бар жігіттің жалпақ жұртта бар екеніне сеніп, қалың елге топырақ шашпайды. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...» деген ақынның әр сөзінде терең мән жатқаны шындық.

 

 Нұрхалық Абдырақын, ЖАЗУШЫ

 

 

Дереккөз: Дереккөз: madeniportal.kz 

Пікірлер Кіру