ОРАЗА ҚАЗАСЫН ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ӨТЕУ КЕРЕК?

11 сәуір 2024 2393 0
Оқу режимі

Ораза қазасын Ораза айттың екінші күнінен бастап өтеуге рұқсат етіледі

Ораза кезінде белгілі себептермен оразасын бұзған мұсылмандарға қаза болған ораза күндерін өтеу міндеттелген. Алайда көпшілік Ораза қазасын қашан әрі қай кезде өтеуді білмей жатады. 

 Рамазан айынан кейін оразаның қазасын өтейтін адам күнделікті намаз кестесін негізге алу керек. 

Таң намазы кірген уақыт – ауыз бекіту уақыты, сол уақытқа дейін сәресін ішіп-жеуге рұқсат.  Ал ақшам намазы уақытының кіруі ауызашар уақытын білдіреді.

 Ораза қазасын айттың екінші күнінен бастап өтеуге болады.

Сондай-ақ, Ораза қазасын қашанға дейін өтеу керектігін көпшілік білмей жатады.

Ханафи мәзһабында Рамазан оразасының қазасын өтеу уақыты шектелмеген. Яғни, келесі Рамазан айына дейін немесе одан кейінгі уақытта да өтеуге рұқсат етіледі. Дегенмен, уақытты созбай тезірек өтеген жөн.

 

Пікірлер Кіру