ҚАРЫЗ АЛЫП ҚҰРБАН ШАЛУҒА БОЛА МА?
31 мамыр 2024
1899
0
Оқу режимі
Егер бір адамға құрбандық шалу уәжіп болса, алайда қолында ақшасы болмаса, қарыз алуы міндетті. Ал егер оған құрбан шалу уәжіп болмаса, өзі мұқтаж адам болса, оған құрбандық шалу үшін қарыз алу дұрыс емес[1].
Өйткені Алла Тағала пенделеріне шамасы келмейтін нәрсені жүктемейді. Ол туралы Алла Тағала Құранда былай дейді:
لَا يُكَلِّفُ اللهُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا
«Алла ешбір жанға күші жететінінен басқаны жүктемейді»[2].
«Құрбандық пәтуалары» кітабынан
[1] «Хәшияту Ибну Абидин», 9/452.
[2] «Бақара» сүресі, 286-аят.
Пікірлер
Кіру