ҚАЗАҚТЫҢ СЫРҒА САЛУ ДӘСТҮРІ

03 қазан 2024 1872 0
Оқу режимі

Қазақ халқының құдалық салт-дәстүрі көптеген ұрпақтар бойы сақталып келген бай мәдени мұрасы. Қалыңдық қызға сырға салу (сырға салу) — бұл құдалық рәсімінің маңызды бөлігі болып табылады. Сырға салу рәсімі құдалық жолдың ресми басталғанын білдіреді.

Сырға салу рәсімінің кезеңдері

1. Құдалардың келуі:

Қалыңдықтың үйіне күйеу жігіттің шешесі, жеңгелері, ұл құда, қыз құдаша тағы басқа сүйек жақын туыстары (құдалар) келеді. Олар өздерімен бірге қалың мал, түрлі сыйлықтар алып келеді. Жігіт жақтан келген құдаларды алдарынан шәшу-шәшіп қыз жақтың(қалыңдықтың) туыстары алдарынан үлкен құрмет жасап қарсалып алады. Екі жақ құдалар құшақтасып амандасып, содан есік ашып үйге кіргізген соң, құдадарға арнайы жайылған дастарқан басына жайғасады.

2. Сырға салу:

Келген құдағилар келін болатын қызды (қалыңдықты) көріп, көрімдігін беріп, сосын құлағына сырға салады. Сырға арнайы әшекейленген қораптағы алтын сырға дайындалады. Сырға қалыңдықтың оң құлағынан бастап тағылады. Бұл рәсімді әдетте күйеу жігіттің анасы немесе басқа жақын туыстары орындайды. Сырға салу кезінде баталы сөздер айтылады: «Бақытты болсын», «Ұрпақтары өсіп-өнсін», «Екі жаққа да құтты болсын». Бұл қалыңдық пен күйеу жігіттің ресми түрде атастырылғанын білдіреді. Сырға салу рәсімі кезінде арнайы әндер айтылып, бата беріледі.

3. Қалыңдыққа сыйлық беру:

Құдалар қалыңдыққа әртүрлі бағалы сыйлықтар, соның ішінде алтын сырға, білезік және басқа да әшекейлер береді.

- Сыйлықтар қалыңдықтың құрметіне және оның жаңа отбасыға қосылуының белгісі ретінде ұсынылады.

4. Құдалық дастарқаны:

Сырға салу рәсімінен кейін арнайы құдалық дастарқаны жайылады. Мұнда екі жақ та бірігіп отырып, түрлі ұлттық тағамдардан дәм татады. “Құда мың жыл, күйеу жүз жыл” деп қыздың әке-шешесіне, басқа да құда-құдағиларына арнап әкелген қоржынды сөгіп, оның ішіндегі кәде сыйға арнап әкелген сыйлықтарын атап-атап айтып үлестіреді. Кәде үлестіріп жатқанда күй шертіліп, той тақырбына арналған тамаша әндер орындалып, той салтанатын арттыра түседі.

Бұл дастарқан басында екі жақтың үлкендері бата беріп, жастарға ақ жол тілеп, құдалықты шегелеп бекітіп тарасады. Қалың малдың мөлшері, үйлену тойының мерзімі және басқа да мәселелер талқыланады.

Сырға салудың мәні мен маңызы

1. Сырға салу қазақ халқының салт-дәстүрінде үлкен маңызға ие. Бұл рәсім арқылы екі жақтың туыстық байланысы нығая түседі және жас жұбайларға деген құрмет көрсетіледі. Сонымен қатар, бұл дәстүр ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық мәдениетті сақтап қалуды көздейді.

2. Сырға салу салты арқылы ұрпақтар арасында ұлттық мәдениеттің сабақтастығы қамтамасыз етіледі. Бұл рәсім отбасының рухани байлығын көрсетеді. Құдалық пен сырға салу арқылы екі жақ та бір-біріне деген құрметі мен сенімін білдіреді. Сырға салу екі отбасының мың жылдық құдалық сыйластық дәстүрін бекітіп, екі отбасының арасындағы әлеуметтік және туыстық байланыстарды нығайтады.

 

Болат БОПАЙҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру