ҚИЫНДЫҚҚА ҚАРСЫ РУХАНИ ШАРАЛАР ҚОЛДАНУ

18 шілде 2024 1471 0
Оқу режимі

Осман мемлекетінде табиғи апат пен соғыс сияқты қиын-қыстау кезеңдерде барлық шаралар қолданылып, бұған қоса рухани амалдар да жасалатын. Оған мысал ретінде, мына бір оқиғаны айтса болады. Бірде османлы әскері майданда жаумен соғысып жатқанда сұлтан ІІІ Селимге мынадай өтініш келіп түседі. 

«Сұлтаным! Дұшпанның зұлымдығына тойтарыс беру, елдігімізді қорғау және істердің сәтті орындалуы үшін Алла тағаланың жәрдемі тек сыртқы себептерге талпыну арқылы ғана емес, рухани шараларға жүгінумен де болмақ. Құран оқудың, құрбандық шалудың, садақа берудің пайдасы өте көп. Қаншама қиын мәселенің түйінін осылар арқылы оңай шешуге болады.

Бүгін бір дуалы ауыз ақсақал келіп:

«Мұндай уақытта Бұхариды оқу өте пайдалы. Оқи алатын тақуа жанның бірнешеуінің бас қосып, әскердің жаудың жеңу үшін шынайы ниетпен дұға жасау парыз болды. Елеусіз қалдырмаңдар. Одан бөлек он құрбан шалынсын. Рухани әлемде маған осыларды хабарлау бұйырылды» - деп айтып кетті.

Сондай-ақ Эндерунда болғанымызда сарай ұстаздары мен бірнеше сарбаз жиналып, Мәдина мүнаууарадан келген Молла Әпендімен бірге Бұхари шәріпті он күн ішінде оқып, бітірген едік. Сол кезде көп игілікке қол жеткіздік».

Сұлтан III Селим Хан бұл өтінішке орай:

 «Паша, Алла қабыл етсін, өте орынды. Эндерун ұстаздарын хабардар етіңіздер, ыңғайлы бір күнді таңдап, келіп, оқып кетсін» - деп жауап береді.

Пікірлер Кіру