Сахабалардың жалпы саны қанша?

17 қаңтар 2020 6055 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз көз жұмған уақыттағы сахабалардың жалпы саны жайлы нақты мәлімет жоқ. Десек те, Ислам тарихына байланысты жазылған классикалық кейбір еңбектерде жүз мың сахабаның болғандығы айтылған.

Мысалы, қоштасу қажылығына 40 мың, Тәбук жорығына 70 мың сахабаның қатысқандығы жайлы Ислам тарихына байланысты шығармаларда мәліметтер бар. Имам Шафиғи Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көріп, одан хадис риуаят еткен сахаба санының 60 мың болғандығын айтады.

Меккені алғанға дейін қайтыс болған сахабалардан өзге, Меккенің алынуы кезінде сахабалар алыс жақтарға тарап кеткендіктен олардың есімдерінің көбі кейінгі ұрпаққа жетпеген.

Сахаба есімдерін шығармасында ең көп көрсеткен ғалым – Ибн Хажар. Ол «Исаба» атты еңбегінде 11 783 сахабаның атын атайды[1].

 


[1] И. Атасой, М. Паксу,Сахабилер ансиклопедиси, Иени Асия, Истанбул, 1993, 1:19.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру