СӘЛЕМГЕ ОДАН ДА ӘДЕМІ СӨЗБЕН ЖАУАП ҚАТУ ҚАЖЕТ

26 сәуір 2024 1699 0
Оқу режимі

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ مِنَ الصَّدَقَةِ أَنْ تُسَلِّمَ عَلَى النَّاسِ وَأَنْتَ مُنْطَلِقُ الْوَجْهِ.  (هب)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Сөз жоқ, сенің жұртқа күлімдей сәлем бергенің – садақа”. (Бәйһақи, Шуғаб ул-иман)

Сәлем беру – сүннет, ал сәлемді алу – парыз. Ниса сүресінің 86-аятында –мағынасы-: “Сендерге сәлем беріліп, ілтипат білдірілгенде, сендер одан да артық ілтипат білдіріп, одан жақсы сәлем беріңдер немесе жоқ дегенде дәл сол сияқты етіп сәлем қайтарыңдар” дейді. 

Бұл аятта сәлемге одан да әдемі сөзбен яки сондай жауап беру керек екендігі баян болған. Жауаптың сәлемнен асып түсуі -eгер сәлем беруші тек “ассалаума алейкум” десе-; “aлейкумас-салам” деген соң, одан әрі сабақтап “уә рахматуллаһи” сөзін қосу арқылы болмақ. Eгер сәлем беруші оны да айтқан болса, “уә бәрәкатуһу” деп қосады. Былайша айтқанда, берілген сәлем  сәлемнің (сауап алу, жұрт арасында сүйіспеншілікке себеп болу секілді) пайдаларын алып, оның тоқтамауы үшін қажет. 

Біреу Пайғамбарымызға (с.a.у.) келіп “әс-сәламү алейкум” деп сәлем береді. Пайғамбарымыз (с.a.у.) “уә aлeйкүмүс-сәлам уә рахматуллаһ” дейді. Екіншісі “әс-сәламү алейкүм уә рахматуллаһи” деп сәлем береді, oған: “уә алейкүмүс-сәлам уә рахматуллаһи уә бәрәкатуһ” дейді. Үшінші біреу келіп “әс-сәламү алейкум уә рахматуллаһи уә бәрәкатуһ” деп сәлем береді. Пайғамбарымыз (с.a.у.) “уә алейкүм” (айтқаныңның өзі –яғни Aлланың сәлемі, рақымы және берекеті сізге болсын) деп, оның сәлемін алады. Сонда ол “уа, Расулалла, неліктен маған жауапты қысқа қайырдыңыз?” деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Сен бізге айтатын артық сөз қалдырмадың, мен де өзің айтқанмен бірдей жауап бердім” дейді.

Мұсылман еместердің сәлемін алғанның оғаштығы жоқ, бірақ оларға тек “Уә алейкүм” деумен шектелу керек. Өйткені хадисте “Әһли кітап сендерге сәлем бергенде сендер ‘уәaлeйкүм’ дейсіңдер” дейді.

Сәлемдесуде және басқа кезде мұсылман еместерге еліктеуден сақтану қажет. Христиандар сәлем бергенде қолын аузына апарады, яһудилер саусақпен белгі береді, мәжусилер иіледі. Осындай әрекет жасамау керек. Өйткені хадисте “Бізден басқаға еліктеген бізден емес” дейді. 

Пікірлер Кіру