Сүтті төксең, сабаймын!

24 мамыр 2021 5660 0
Оқу режимі

Бір күні жас бала ұстазына келіп: «Ұстаз, мен жас болғандықтан қыздарға қарамай жүре алмаймын, бұдан қалай тыйылсам екен?» – деп сұрайды.

Ұстазы жауап берместен сүтке толы кесені баланың қолына ұстатып: «Мынаны базардағы сатушыға бір де бір тамшысын жерге төкпей апарып бер!» – деп бұйырады. Сосын екінші шәкіртін шақырып: «Егер,мына жігіт сүттің бір тамшысын жерге төгетін болса, оны тура сол жерде қамшыла», – деп тапсырады.

Әлгі жас жігіт ұстазының айтқанын екі етпестен қорыққанынан аса мұқияттылықпен бір де бір тамшысын жерге төкпестен базардағы кісіге апарып береді. Жаңағы жас жігіт өзінің ұстазына келген кезде ұстазы: «Жолда неше қызды көрдің деп сұрайды?» – деп сұрайды. Жігіт: «Мен сүтті төгіп алсам, ұятқа қаламын сосын мені қамшымен сабайды ғой деген оймен сүттен басқаға қарауға мұршам болмады», – деп жауап қайырады. Сонда ұстазы: «Міне, мұсылман адамның жағдайы да осыған ұқсас болуы керек, егер Алланың бұйырғанын орындамасам, Қиямет күні Алланың алдында масқарам шығады деген үреймен жүреді», – деп, шешімін айтқан екен.

Пікірлер Кіру