СЫЙЛА БАЛАМ
26 сәуір 2024
1897
0
Оқу режимі
Сыйла балам әкеңді,
Айдан басқаны әперді.
Сыйла балам шешеңді,
Дүниеге әкелді.
Сыйла балам көкеңді,
Жоқтатпайтын әкеңді.
Сыйла балам әпкеңді,
Кешіретін қатеңді.
Сыйла балам баурыңды,
Көтеретін қаруыңды.
Сыйла балам қарындас,
Алдыңа қояр алал ас.
Ең қымбаттың осылар,
Жоғалтсаң қайта табылмас.
Бір күні болар досың қас,
Айтқанымның бәрі рас.
Естіге ғана қонады,
Жақсыдан қалған сөз мирас.
Күншайм ЖАТҚАНБАЕВА
Пікірлер
Кіру