ТАҚУА МЕН ТЫШҚАН
20 наурыз 2024
2136
0
Оқу режимі
Бір тақуа кісі мына дүниені тәрк етіп, үңгірге кіріп, құлшылыққа кірісіпті. Бір түні дұға қылып отырса, тышқан келіп, аяғын иіскепті. Тақуа оған: «Сен неге менің ойымды бұзасың?» деп кейіпті.
– Менің қарным ашты, – депті тышқан жайбарақат.
– Кет, ақымақ тышқан! Мен Құдайменен бірлікті ойлап, ана дүниені тастап келіп отырған адаммын. Кедергі келтірме!
– Егер сен менің көңілімді таба алмасаң, Құдайдың көңілін қалай тауып, бірлікте болмақсың?! – депті сонда тышқан...
Пікірлер
Кіру