ТӘУБЕ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
02 сәуір 2024
1549
0
Оқу режимі
Әзірет Әли (к.у.) бір бәдәуидің шапшаңдата «Әстағфируллаһ уә әтубү иләйһ» дегенін естиді. Оған:
Кешірім сұрағанда асығыс, тез-тез, тек тілмен ғана айту өтірікшінің тәубесі. Сенің тәубеңнің өзінен тәубе еткенің жөн, - дейді. Бәдәуи:
Онда тәубе қандай болады? – деп сұрайды. Былай деп жауап берген:
Тәубе ету мына алты нәрсені орындау деген сөз:
1- Өткен күнәларына өкіну.
2- Қаза болған парыздарды атқару.
3- Хақсыз алған құл ақысын иесіне қайтару.
4- Нәпсіңді күнәмен қалай зорайтсаң, Алла тағалаға бойсұну арқылы солай тәрбие ету.
5- Нәпсіңе күнә дәмін татқызғаның секілді, ашы болса да мойынсұнудың (итағаттың) дәмін татқызу және нәпсіңе Аллаға наразылықта қалай әр берсең, Алла тағалаға бағыну үшін де солай әрлеу.
6- Күліп істеген күнәлар үшін жылау.
Пікірлер
Кіру