Түшкіріп «әлхамдулилла» дегенге «ярхамукалла» деу

26 қазан 2020 6112 0
Оқу режимі

Мұсылманның діндес бауырына дұға етуі – туыстық жақындықтың бір көрінісі. Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасының қабыл болатыны кәміл. Әбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Алла түшкіргенді жақсы көреді, есінегенді ұнатпайды. Кімде-кім түшкірсе, сосын Алла Тағалаға шүкіршілігін білдірсе, оның мадағын естіген әр мұсылманның «ярхамукалла» деп айтуы уәжіп. Ал, есінегенде шайтан араласады. Шама келгенше есінемей, өздеріңе бекем болыңдар. Өйткені, адам есінегенде шайтан оған күледі»[1].

Түшкіру – нығмет. Ол – деннің саулығының, ағзаның ауруға қарсы тұруының нышаны. Берілген несібеге шүкіршілік жасағанымыз сияқты, түшкіргенде де шүкіршілік еткен жөн.

«Бірде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанында қатар тұрған екі кісі бірдей түшкірген-ді. Алла елшісі (с.ғ.с.) біреуіне ғана: «ярхамукалла» дейді. Сонда екіншісі: «Мынау түшкіргенде оған «ярхамукалла» дедіңіз. Мен түшкіргенде үнсіз қалғаныңыз қалай?» – дегенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Ол түшкіргенде Алланы еске алып «әлхамдулиллә» деп айтты, ал сен бұл сөзді айтқан жоқсың», – деп жауап берген екен»[2].

Құдайберді БАҒАШАР

 


[1] Бұхари. Әдеп 125, 128: Бәдғул халқ 11.
[2] Бұхари. Әдеп 127; Муслим. Зухд 53

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру