Уайымым жеңілдеу үшін не істеймін?

05 желтоқсан 2020 5474 0
Оқу режимі

- Білесіз бе, Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Алла Тағала əрдайым истиғфар (кешірім) айтуды əдет еткен пендесіне кез-келген ауыр жағдайдың шешімін көрсетіп, барлық уайымын жеңілдетеді». Міне, жолын бізге оп-оңай етіп осылай көрсетіп қойды.

- Оны қалай жасаймын?

- Қиын түгі де жоқ. Тек күніне 70 немесе 100 мəрте «Əстағфируллаһ уə əтубу илəйһи» (мағынасы: Ия, Алла! Өзіңнен кешірім сұраймын жəне Саған тəубе етемін) деп шын жүректен айтуды əдет етсеңіз, Алланың қалауымен бəрі жақсы болады. Бір сөзбен, өмірде жолыңыз мүлдем ашылады. Тағы айтам, осылай айтуды тоқтатпа. Бұл айтқаным, жақсы əдетіңнің қатарынан табылсын!

- Истиғфардың пайдасы қандай?

- Истиғфар айтудың қысқаша пайдасы мынадай: Көктен жауған жаңбырмен ауаның тазаратыны секілді көңілден жасалған тəубемен күнə атаулы жуып-шайылады. Хадисте айтылғандай уайым сейіліп, ауыр жағдай артта қалады.Күнəдан тəніңіз тазарады.Сауапқа жаның жақын жүреді...

- Истиғфар айтпаудың зияны бар ма?

- Бірінші мынаны ұмытпа! Үлкенді-кішілі күнə істер жақсылыққа, мақсат-мұратыңызға тосқауыл болады да тұрады. Сауапты сезінбей, онан алыс жүресіз. Жүрегіңіз күнəнің дағынан қарая береді. Күнə істі мұрынға қонған шыбын құрлы көрмейтін боласыз. Жүзден нұр қашып, жүзі қараға айналасыз. Түйіндеп айтсам, адами құндылықтар бойдан бірте-бірте ажырай береді.

- Рахмет. Жанымды жадыратып, рухымды азықтандырған жауабыңызға. Истиғфар айту менің күн сайынғы серігіме айналады.

... Сіз де оқырман осы бір шағын сұхбаттан нəтиже шығарып, истиғфар айтып жүруді əдет қылыңыз...

Əзірлеген Қайырбек Отызбаев

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру