ЫРЫМ МЕН ТИЫМДАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ БАР

18 наурыз 2024 1825 0
Оқу режимі
  • Үйге қарай атпен шаппа - жау таяп қалғанда не өлімді хабарлағанда ғана болатын жағдай.
  • Жасы үлкеннің алдын кеспе, сөзін бөлме, бұл - құрмет.
  • Бас киіммен ойнама, біреуге сыйлама - қонған бақтан айрыласың, басың бірікпейді.
  • Ошаққа су құйма - өз отыңды өзің өшірме.
  • Бос бесікті тербетпе - ұрпақсыз қаласың.
  • Жылқының құйрық, жалын күземе - тұл қалғанның белгісі.
  • Малды басқа ұрма, теппе - ырысыңнан айрыласың.
  • Кешқұрым ұйықтама - жын-пері көшетін кез.
  • Айға қолыңды шошайтпа - қасиетті.
  • Жерге түкірме - Жер - Ана, анасының бетіне ешкім түкірмейді.
  • Нанды баспа - киесі ұрады.
  • Түнде суға барма - су перісі қағуы ықтимал.
  • Екі бүйіріңді таянба - қайғы, қасірет белгісі.
  • Бөгде адамнан "қайда барасың?" деп сұрама - көргенсіздік.
  • Жай отырып уһілеме - уайым, қайғы шақыру.
  • Қолыңды төбеңе қойма - дүниеден безіну.
  • Табаныңды тартпа - бейнет шақыру.
  • Өтірік жылама - құдай шын жылатайын десе қиын емес.
  • Табалдырықта тұрма - суыт хабар жеткізгеннің белгісі, төр - киелі, табалдырық ұнамсыздау орын.
  • Кісіге қарап есінеме - əдепсіздік.

 

Пікірлер Кіру