Жақсылықтың ең үлкені
20 маусым 2018
11479
0
Оқу режимі
Әбу Зәрр (р.а.) әңгімелеуде:
«Бірде Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) барып «Маған ақыреттік пайдасы бар кеңес беріңізші?» - дегенімде, - Дүниелік ісіңнің артынша дереу сауапты іс жаса. Қатең менен күнәңды жуып-шайсын, - деген жауап алдым.
- «Лә иләһә иллаллаһ» деп айту да сауапты іске жата ма? - деп сұрағанымда,
- О не дегенің? Бұл сөз - жақсылықтың ең үлкені», - деп айтты деп, - Әбу Зәрр (р.а.) адамзат үшін сауапты әрекеттерді атап көрсетті.
Пікірлер
Кіру