100-ден астам әйел жамағатына дастархан жайылды (ФОТО)

02 ақпан 2019 8479 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жүзден астам әйел жамағаты бір дастархан басында бас қосып, құлшылық ордасындағы рухани отырысқа қатысып қайтты. Жамағат арасындағы бауырмалдықты арттырып, ынтымақ жарастыруға бағытталған бұл шараға жат ағым өкілдері де қатысып, берекелі кештің шуағын сезінді.

Берекелі басқосу барысында жамағатқа «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Өмірбекова Әлия ұстаз уағыз айтып, асыл дініміздегі бірліктің маңыздылығын, құрбылар арасындағы адал достықтың қымбаттығы жайында насихат айтылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру