201 күмбезді мешіт – туристер үшін таптырмас мекен

20 маусым 2019 6242 0
Оқу режимі

Бангладеш жеріндегі Джинай өзенінің жағалауында орналасқан бұл құлшылық ордасы өзінің бірнеше артықшылықтары арқасында әлем туристерін өзіне ынтықтырумен келеді. Шамамен 15 000 адамға лайықталып салынған мешіттің 201 күмбезінің өзі қызығушылық тудырып, жыл сайын он мыңдаған жанның Бангладешке саяхаттауына себеп болардай.

Бұдан бөлек, құлшылық ордасының мұнарасы да өзіндік артықшылыққа ие. Биіктігі 137 метр болатын мешіт мұнарасы Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең биік бетон мұнара ретінде тіркелген.

Құлшылық ордасының құрылысы 2013 жылы басталған. Жобаның жалпы құны 13 млн долларға бағаланған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру