26 миллиардердің дәулеті 3,8 млрд кедейдің табысымен тең түседі

25 қаңтар 2019 6492 0
Оқу режимі

Әлемдегі ең дәулетті 26 миллиардердің байлығы 3,8 миллиард кедейді қамтамасыз ете алады. Oxfam халықаралық бірлестігі баяндамасында осындай деректер жарияланды, деп хабарлайды Ansar.ru.

Ұйым мәліметінше, 2018 жылы әлем миллиардерлері қазынасы 12%-ға артқан, ал кедейлердің тұрмыс деңгейі  11%-ға төмендей түскен. Бір жылда 2 200 миллиардердің дәулеті 900 млрд долларға көбейген. Oxfam есебі бойынша 2017-2018 жылдары әр екі күнде тағы бір адам алғашқы миллиард табысына ие болған.

Жалпы байлық көзі аздаған адамдардың иелігінде: 2017 жылы әлемдегі барлық кедей адамдардың табысы 43 миллиардердің дәулетіне тең келген екен.

Oxfam өкілдері мысал ретінде Amazon компаниясының басшысы Джефф Безосты алады. Ол – әлемдегі ең бай адам. Оның байлығының 1%-ының өзі Эфиопия мемлекетінің денсаулық саласы бюджетімен сәйкес келеді.

Сарапшылар осындай деректерге алаңдаушылық білдіріп, ел үкіметтерін табыс теңсіздігін қысқарту шараларын қабылдауға шақырады. Бұл ретте дәулетті адамдарға салықты көтеру ұсынылған. Мәселен, әлемдегі миллиардерлердің табыс көлемінің салығын 1%-ға көбейтсе, 262 миллион баланы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады екен.

Пікірлер Кіру