Әл-Азһар шейхы мен Рим папасы ортақ келісімге отырды
06 ақпан 2019
7544
0
Оқу режимі
Рим папасы Франциск пен әйгілі Әл-Азһар университетінің шейхы Ахмад әл-Тайиб терроризм мен зорлық-зомбылыққа қарсы бірлесе жұмыс атқару жөнінде келісімге қол қойды.
Аталмыш құжатта адам құқықтары қорғау мен құрметке үндеп, зорлық-зомбылық пен дінді қару етіп пайдаланған экстермизм мен терроризмді айыптаған мәтін жазылған. Қол қойып болған дін басшылары өздеріне артылған жауапкершілікті атқарып, бейбітшілікті сақтау мен толеранттылықты дамыта түсуге ықпал жасайтындарын жеткізді.
Айта кетейік, ақпан айының 4-жұлдызында Рим Папасы БАӘ-не өзінің алғашқы сапарын бастаған болатын. Бүгін ол Абу-Даби стадиондарының бірінде кездесу өткізетіні жоспарланған. Стадионға 135 000 жан сыяды.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру