«ӘЛ-ФАРАБИ» МЕШІТІНДЕ ШӘКІРТТЕРМЕН ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ (ФОТО) 

14 қараша 2024 669 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әл-Фараби» мешітінде шәкірттермен Құран хатым дұғасы жасалды.

Ренат Жапбасов бастаған мешіт шәкірттері жиналып, Құран беттерін өзара бөліп, бір уақытта оқып шықты. Берекелі жиын соңында оқылған Құранның сауабын ата-баба рухына бағыштап, хатым дұғасы жасалды.

Құран оқу үшін жиналу, бірігу – жақсы іс екенін ескерсек, Әбу Һұрайрадан жеткен хадсите: «Алланың үйлерінің бірінде жиналып, Алланың кітабын оқыған және оны бір-біріне үйреткен қауымға тыныштық беріледі, рақым етіледі, оларды періштелер орап алады (қорғайды), Алла оларды Өзінің құзырындағы адамдардың ішінде еске алады» - деп айтылады.

Айта кетейік,  Астана өкілдігі бойынша Ихсан бағыты аясында Құран хатым жобасы іске асып келеді. 

Пікірлер Кіру