«AQ MESHIT» МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

12 қараша 2024 650 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «AQ MESHIT» мешітінің наиб имамы Оңғар Хайридинов ҚР ҰҚҚ Шекара қызметі, Әскери патриоттық қызмет басқармасының сарбаздарына сақтандыру бағыты бойынша семинар өткізді. 

Жиында лудоманияның зардаптары туралы айта келе дене мүшеміз Алланың бізге берген аманаты екенін тілге тиек етіп, біздер үшін берілген әрбір нығметті бағалауға шақырды. Сонымен бірге семинар барысында уақытты, денсаулықты тиімді қолдану жайында құнды кеңестерімен бөлісті. 

«Хадистерде айтылғанындай «Екі нығмет бар, көпшілік адам сол екі нығметтің қадірін білмейді: бірі – денсаулық, екіншісі – бос уақыт». Құмар ойыны – бұл қоғам қасіреті, Ислам дінінде харам істерге жататын әрекет. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім өз досына: «Жүр, құмар ойын ойнайық» десе, садақа берсін», – деуі оны ойнамақ түгілі, оған үгіттеудің өзі күнә екенін, соның өзін жуып-шаю үшін садақа беру, жақсылық істеу міндетті екенін ескерткен», - деп атап өтті.

Жиын соңында Оңғар Хайридинов ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін көпшілікпен дұға жасап, еліміздің әрбір азаматы рухани дерттерден аман болуын тіледі.

Пікірлер Кіру