АҚШ билігі мұсылмандарға 340 келі тартатын сыйлықты қайтарып берді

20 тамыз 2021 5389 0
Оқу режимі

Америкалық мұсылман құқыққорғаушылары өздерінің АҚШ билігімен арадағы сотта жеңіске жеткендеріне ерекше қуануда. Осылайша, Виргиня штатындағы Манассас қаласының мешітіне Иран елінен арнайы жіберілген сыйлық ақыры табысталатын болады.

Айта кетейік, ирандықтар жіберген Құран аяттары өрнектеліп жазылған алып тақтайшаны шекара күзеті тәркілеген болатын. Салмағы 340 келі тартатын сыйлықты олар басында не сындырып құртуға, не қайтадан Иранға жіберуге мүдделі болған. Дегенмен, мешіт имамы Абульфазль Нахидян бастаған топ бағалы сыйлықтың құлшылық ордасына қайтарылуын талап етіп, ақыр соңында жеңіске жетіп отыр.

«Еліміздегі дін бостандығын көрсететін мұндай шешімдерге қуанышымызды білдіреміз! Кез келген америкалық өзінің діни сеніміне қатысты дүниелерге емін-еркін қол жеткізе алу тиіс», – дейді Америка-Ислам қатынасы жөніндегі Кеңестің директор орынбасары Эдвард Ахмед Митчелл.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру