АСТАНАДА «ТЕКТІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТІМІЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

04 желтоқсан 2024 562 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Тектілік – асыл қасиетіміз» тақырыбында республикалық конференция өтті.

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өткен жылдың қорытынды жиынына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіпов, Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нұкежанов, ғалым, профессор Серік Негимов, Ұлттық құрылтай мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор Күнсұлу Дальтонқызы, ғылым докторы Мақсат Сқақов және зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен имамдар, дін қызметкерлері қатысты. Конференцияда алғысөз сөйлеген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:

«Басқосуымызға арқау болып отырған тектілік ұғымы – өте ауқымды, тарқатып айта берсең таусылмайтын тақырып. Тектілік – адамның табиғатынан, тәрбиесінен және қоршаған ортасынан дарыған асыл қасиеттердің жиынтығы. Бұл ұғым қазақ халқының рухани және мәдени өмірінде ерекше орын алатыны даусыз. Тектілік атадан балаға мирас болып қалатын адамгершілік пен ұяттың, әділдік пен ар-намыстың, ақыл-парасат пен білімділіктің үйлесімді көрінісі» деді.

Айта кетейік, конференцияға қатысқан спикерлер тектілік ұғымына қатысты пікір бөлісіп, оның қазақы таным-түсініктегі және шариғатты мәнін кеңінен талқылады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру