АСТАНАДАҒЫ «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНЕ ЕКІ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

04 қазан 2024 1417 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «әл-Ғани» мешітіне екі бірдей наиб имам тағайындалды. 

Қасиетті жұма күнінде өткен тағайындауға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Олжас Исмаилов қатысып, жиналған жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Сондай-ақ, енді ғана қызметіне кіріскелі жатқан наиб имамдар Берик Арынов пен Абдулахад Смановты жамағатқа тыныстырып, жаңа қызметтеріне сәттілік пен береке тіледі.
 

АБДУСАТТАРҰЛЫ АБДУЛАХАД СМАНОВ 

Білімі:
2008-2010 ж.ж. Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Король Сауд институты Тіл және мәдениет мамандығы бойынша білім алған;
2011-2016 ж.ж. Сауд Арабия Корольдігіндегі Король Сауд университеті педагогика факультетінің «Құран дәрістері мұғалімі» (үздік диплом) мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. 
2017-2020 ж.ж. Сауд Арабиясы корольдігіндегі Король Сауд университеті педагогика факультетінің «Құран және тәпсір» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 
2020-2024 ж.ж. Сауд Арабиясы корольдігіндегі Король Сауд университеті педагогика факультетінің «Құран Тәпсірі» мамандығы бойынша PHD докторы дәрежесін алған. 
 
Тәжірибесі:
2020 жылдың 14 қазан айынан бүгінгі күнге дейін Сауд Арабиясы Корольдігіндегі «Талаба» қауымдастығының Сауд Арабиясы Корольдігі бойынша жауапты жетекшісі, сонымен қоса Сауд Арабиясы Корольдігіндегі ҚМДБ-ның ресми өкілі қызметін атқарып келді.

 

АРЫНОВ БЕРИК СУИНДИКОВИЧ                                                                                                 

Білімі:
2006-2009 ж.ж. Мысыр Араб Республикасы, Каир қаласы Әл-Азһар Ислам ғылымдарын зерттеу институтын бітірді;
2016 жылы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің имамдарды қайта дайындау курсын тәмамдады;
2018 жылы Мысыр Араб Республикасы, Каир қаласы Әл-Азһар университеті жанындағы экстремизм мен терорримнің алдын алуға арналған имамдарды қайта дайындау курсын тәмамдады;

Тәжірибесі:
2009-2011 ж.ж. Алматы қаласы «Әбу Ханифа» атындағы республикалық медресесінде ұстаз;
2013-2014 жж. Жезқазған өңірлік орталық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде найб имамы;
2014-2015 жж. Қызылорда орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы;
2015-2109 жж. Қызылорда қалалық «Мүсірәлі-Ата» мешітінің бас имамы 
2019-2021 ж.ж. Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Тәжібай-Ата» мешінінің бас имамы
2023-2024 ж.ж. Шымкент қаласы Абай ауданы «Шейх Мұхаммад Садық» мешітінің имамы.
2024 ж.ж. Ақпан айынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Тәжібай-Ата» мешітінің имамы қызметін атқарды.

Пікірлер Кіру