Атақты Айя София шіркеуі мешітке айналды

11 шілде 2020 6136 0
Оқу режимі

Рим империясының Константинопольда (Стамбұл) салдырған ең үлкен шіркеуі, ал қазір әлемнің ең әдемі музейлерінің бірі Айя София қайтадан мешітке айналатын болды. Бұл туралы TRT AVAZ хабарлады.

Мұсылман әлемі үшін сүйінші хабар болған шешім Түркия мемлекет кеңесінің жиынында мақұлданған.

Константин императордың бұйрығымен 532 жылы іргетасы қалаған шіркеудің құрылысы 537 жылы аяқталған-ды. Ал 1453 жылы Мехмет Сұлтан Константинопольді жаулап алған кезде Айя Софияны мешітке айналдырады. Сол уақыттан бастап ерекше сәулет нысаны 1934 жылға дейін мешіт болып тұрған. Ал 1934 жылдың 24 қарашасынан бері музей қызметінде Айя София бүгіннен, яғни, 2020 жылдың 10 шілдесінен бастап қайтадан мұсылмандардың ғибадат үйіне айналып отыр.

Пікірлер Кіру