Айдос Сарым Дархан Кәлетаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

27 тамыз 2018 7237 0
Оқу режимі

Танымал саясаттанушы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Айдос Сарым ҚР қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айдос Сарым 1975 жылы 10 қыркүйекте туған. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол әр жылдары ҚР Мұрағаттар мен құжаттамалар бас басқармасының бас инспекторы, кеңесшісі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, "Ақ жол" партиясының баспасөз-хатшысы, кеңесшісі, "Нағыз Ақ жол" партиясы тең төрағасының кеңесшісі, "Жас Алаш"газеті бас редакторының орынбасары, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Еске сала кетейік, биыл шілдеде Дархан Кәлетаев қоғамдық даму министрі болып тағайындалған болатын.

Пікірлер Кіру