Әйелдерге әдепсіздік танытқандарға айыппұл белгіледі
03 тамыз 2018
9262
0
Оқу режимі
Франция парламенті қоғамдық орындарда әйелдер қауымына әдепсіздік танытқан азаматтарға айыппұл салу туралы заң жобасын мақұлдап отыр. Әйелдер мен ерлер теңдігі жөніндегі сұрақтар бойынша мемлекеттік хатшы Марлен Шьяппаның баспасөз құралдарына берген сұхбатында енді қоғамдық орындарда әйелдерге «қырындап», «тиіскен» жандарға 750 еуро көлеміне дейін айыппұл салынатынын айтады.
Айта кетерлігі, бұл заң жобасының қабылдануына жақында ғана Париж көшелерінің бірінде болған оқиға да қатты әсер еткен сыңайлы. Өзіне ысқырып қырындамақ болған жігітке «аузын жауып тұруын» өтінген бойжеткенді сол жерде ұрып тастаған болған.
Пікірлер
Кіру