Айыпты болған ақсақалға жаза орнына 24 кітап оқу міндеттелді

14 ақпан 2019 6500 0
Оқу режимі

Түркия мемлекетінің тұрғыны президент Реджеп Тайып Ердоғанға тіл тигізгені үшін сот алдына жауапқа тартылды. Белгілі болғандай, ол кофеханалардың бірінде жолдасымен сұхбаттасу үстінде Түркия басшысының атына бірнеше айыптаулар айтқан көрінеді. Бір қызығы, бұл әңгіменің құқық қорғау органдарының құлағына қалай жеткені белгісіз болып отыр.

Дегенмен, айыпталушының қарт адам екендігін ескеріп, сот шешімі оны абақтыға жабудың орнына 24 кітапты оқып шығуға міндеттеген. Айта кетейік, қарияның оқып шығуға міндетті кітаптар тізімінде Реджеп Тайып Ердоғанның өмірбаяны, Түрік республикасының негізін қалаушы Мустафа кемал Ата түріктің қанатты сөздері, 2016 жылғы Түркиядағы әскери жөніндегі бірнеше еңбектер, сондай-ақ бірқатар діни және тарихи кітаптар көрсетілген.

Айыпталушы сот шешімен келіспейтінін айтып отыр. Жақын арада оның қорғаушысы апелляцияға беретіндіктерін мәлімдеген.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру