Бас мүфти – балалар үйінде: жылы сөз, сыйлық, қуаныш... (фото)

12 шілде 2018 8653 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «2018 – Ислам және отбасы жылы» аясында «№3 Шымкент балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды. Бас мүфти балалар үйіндегі жеткіншектерге жақсы білім алу, әдепті болу, үлкенді сыйлау сынды адамгершілік құндылықтар туралы тағылымды дәріс жүргізді. Олармен емен-жарқын әңгімелесті. Жасөспірімдер өз кезегінде мүфтиге өз өнерлерін паш етті. Жылы жүзді кездесу шарасында Бас мүфти балаларға сыйлық үлестіріп, бүлдіршіндердің болашағы үшін дұға жасады. ҚМДБ Төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы «№3 Шымкент балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымына сауапты қызметі үшін алғысын жеткізіп, ізгі ниетін білдірді. Мүфтият тарапынан балалар үйіне қашан да қолдау көрсетіле беретінін айтты.

Пікірлер Кіру