Бас мүфти Каирде Қамқоршылар кеңесіне қатысты (ФОТО)

11 қыркүйек 2018 6416 0
Оқу режимі

Египет Араб Республикасы (ЕАР) астанасы Каирде Нұр Мүбәрак университеті жанындағы Қамқорлар кеңесінің кезекті жиналысы өтті.

Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, университет проректоры, профессор Шамшәдин Керім, Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының директоры, PhD докторы Қайрат Құрманбаев, сондай-ақ Мысыр тарапынан Уақыфтар министрі, доктор Мұхаммед Мұхтар Жұма, әл-Азһар шейхы, Нұр Мүбәрак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни, т.б. Қамқорлар кеңесінің құрамы қатысты.

Басқосуда Нұр Мәбарак университетінің бүгіні мен болашағы, кадрлық әлеуеті, діни маман дайындаудағы қызметі, оқу бағдарламасындағы жаңа бастамалар, т.б. мәселелер жан-жақты қаралды.

Бас мүфти Мысырға жасаған ресми сапары аясында ЕАР Уақыфтар министрі, доктор Мұхаммед Мұхтар Жұма мырзамен жүздесті. Кездесуде екі елдің діни, рухани, мәдени, білім саласы бойынша байланысы сөз болды. Сонымен қатар,  мүфти мен министр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен әл-Азһар университеті арасында қабылданған меморандум аясында жүзеге асып жатқан жобаларды талқылады. Оның ішінде ҚМДБ ұсынған шәкірттерді Мысырдың іргелі оқу орындарындағы біліктілікті арттыру курстарынан ұдайы өткізіп тұру мәселесі пысықталды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру