Бас мүфти халал саласы бойынша жаңа жобамен танысты (фото)

12 шілде 2018 7458 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астана қаласында Ресейдің HalalGuide жоба жетекшісі Айрат Касимов мырзаны қабылдады.

Ресейден келген ғалым Бас мүфтиге халықаралық халал стандарттау саласы бойынша жаңа жобалармен таныстырды.

Кездесуде Серікбай Сатыбалдыұлы мүфтият бұл салаға аса көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Бұл бағытта мүфтият мамандары халал стандарт бойынша Малайзия, Түркия сынды жетекші елдермен тәжірибе алмасып, белсенді қызмет етіп жатқанын баяндады.

Ресми қабылдауда Айрат Касимов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен өзара ынтымақтастық келісім аясында бұл саланы бірлесе дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесуде тараптар екіжақты біріккен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Пікірлер Кіру