БАС МҮФТИ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

29 сәуір 2024 1324 0
Оқу режимі

Бүгін елорда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің түрлі салада оның ішінде рухани, діни бағыттағы даму байланыстары сөз болды.

ҚМДБ Төрағасы өз сөзінде екі ел арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастардың нығайғанын айтып, діни басқармалар арасындағы сыйластық жалғаса беретініне сенім білдірді. «Ресей Федерациясы Мұсылмандары Діни Басқармасының және Ресей Мүфтилер Кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин мырзамен екіжақты достық келісімдердің терең сипатта көрініс табуы бізді қуантады», - деді Бас мүфти.

Өз кезегінде Елші Алексей Бородавкин дінаралық жемісті ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға күш салып келе жатқан еңбегі үшін Бас мүфтиге ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтасты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ мамыр айында Қазан қаласында өтетін «Ислам әлемі» атты дәстүрлі шараға шақырумен келгенін айтты. Бас мүфти Татарстандағы айтулы шараның маңызына тоқталып, шақыртуды қабыл алды.

Сонымен қатар, тараптар өзге де ортақ жобалар жөнінде пікірлесті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру