Бас мүфти Ресейдің Бас мешітінде уағыз айтты (ФОТО)

25 мамыр 2018 8774 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары барысында қасиетті жұма күні аталған елдің ең үлкен мешітінде жамағатқа «Рамазан және мұсылман үмбетінің бірлігі» тақырыбында уағыз айтты.

«Қадірлі бауырлар, әпке-қарындастарым! Рамазан – тақуалық пен тәрбиенің, қайырымдылық пен мейірімнің айы. Бұл айда Аллаға ұнамды әрбір амалдың сауабы еселеніп жазылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис-шарифінде: «Сендердің араларыңда ең жақсыларың – халыққа, қауымға пайдасын тигізгендерің», – деген. Осы айда халыққа барынша пайдамызды тигізіп, көмегімізді көрсеткеніміз абзал. Рамазан – бірліктің айы. Ауызашар дастарханы барша адамзатты тілі мен тегіне бөлмей, бірлікке үндейді. Алла Тағала қасиетті Құранда күллі адам баласына бөлінбеуді бұйырған. Құрметті жамағат! Жаратушы Иеміз ұстаған оразамызды қабыл етіп, шынайы ниетпен жасаған әрбір қайырлы амалдарымызға мол сауаптан жазғай», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Мәскеу Собор мешітінде бір мезетте 15 мың адам құлшылық ете алады.

 

Пікірлер Кіру