Бас Мүфти түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысымен кездесті

16 сәуір 2022 4551 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Стамбұл қаласында өткен халықаралық конференциядан соң Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әмреевпен кездесті.

Кездесуде алдағы мамыр айында Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес мемлекеттердің бас мүфтилерінің алқасының отырысы пысықталып, алқаның ережесі мен маңызы сөз болды. Бағдат Әміреев Бас мүфти бастамасына қолдау білдіріп, ҚМДБ қызметіне табыс тіледі.

Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың ерен үлгісін көрсетіп, бауырластық байланысты жоғары деңгейге көтергенін атап өтті. Түркітілдес мемлекеттердің бас мүфтилерінің алқасы өз қызметінде Түркі мемлекеттері ұйымының тәжірибелерін ескерусіз қалдырмайтынын алға тартты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру