Бір тәулік ішінде Сирияға 1,2 мың босқын оралды
10 маусым 2019
5635
0
Оқу режимі
Өткен жексенбіде Сирияға Ливан және Иордания мемлекеттерінен 1,2 мың босқын қайта оралды. Бұл жайында Ресей босқындар қозғалысын бақылау және қарсылас тараптарды татуластыру орталығының баяндамасында айтылған.
Нақтырақ айтқанда, Сирия жеріне 1286 босқын қайта оралған. Олардың ішінде 1022 адам Иордания шекарасындағы «Насиб» өткізу пункті арқылы келсе, Ливан жеріндегі «Джейдет-Ябус», «Телль-Калах» пунктінен 264 жан өткен.
Ресей босқындар қозғалысын бақылау және қарсылас тараптарды татуластыру орталығының мәлімдеуінше, инженерлік жасақ осы бір күн ішінде Дераа және Дамаск провинциясының 2,2 гектар жер минадан тазартқан. Бұған қоса, мамандар 32 жарылғыш құрылғының көзін жойған.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру