БҮГІН «AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ «ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ ҚАҒИДАТЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

16 қыркүйек 2024 1192 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жыл жоспарына сай Астана қаласы өкілдігіне қарасты «AQ MESHIT» мешітінде «Өнегелі отбасы қағидаты» тақырыбында семинар болып өтті.

Шараға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Олжас Бақытұлы және «AQ MESHIT» мешітінің Бас имамы Дәурен Мүслимов бастаған құлшылық үйінің қызметкерлері мен отбасылар қатысты.  

Семинар барысында отбасының беріктігі мен ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасы, отбасы мүшелерінің татулығы мен сыйластығы сынды жанұялық мәселелер жан-жақты қамтылды.

Сондай-ақ, бүгінгі күні ерлі-зайыптылар арасында орын алып жатқан түрлі әлеуметтік мәселелер төңірегінде қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тұщымды жауаптар айтылды.

Айта кетсек, шариғатымыз кез-келген мәселенің дұрыс шешімін қарастырып береді. Әсіресе, қазіргі уақытта шешімін таппайтындай көрінген кейбір отбасылық мәселелердің қарапайым ғана шешімін ата дініміз қарастырып бере алады. Міне, осы тұрғыдан дін мамандары әрбір ер азамат пен әйел кісіге жауапкершілік пен түсіністік, құрмет пен сыйластық секілді имани қасиеттер ауадай қажет екендігін ескертті.

Пікірлер Кіру