ДІНИ БАСҚАРМА МОҢҒОЛИЯНЫҢ 75 ИМАМЫНА ШАПАН МЕН СӘЛДЕ СЫЙЛАДЫ

18 шілде 2024 1370 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Моңғолияға барған сапарында Баян-Өлгей қаласында имамдармен кездесті.

Басқосуда Бас мүфти: «Біз шеттегі қандастарымызға, оның ішінде имамдарға барынша қолдау көрсетіп келеміз. Осыған дейін Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында Алтайдан, Баян-Өлгейден келген қазақ имамдар білім алып, діни саладағы тәжірибесін шыңдады. Шеттегі қазақ имамдарының білім алуына барынша жағдай жасай береміз. Осындағы 75 имамға діни қызмет кезінде киіп жүретін арнайы шапан тіктіріп келдік. Сонымен қатар «Muftiyat» баспасынан шыққан бірнеше кітабымызды, жұмыс істеуге арналған компьютер мен техникалық құралдарды да қоса ала келдік. Алла Тағала баршамызға рухани бірлік, шеттегі қандастарымызға татулық пен береке нәсіп еткей. Алла Тағала жер бетіндегі барша қазаққа жар болғай. Әмин!» деді.

Кездесу барысында Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек қажы Хадысұлы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына көрсеткен қолдауы үшін айрықша алғысын білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру