Ел тарихында тұңғыш рет ұшақ билігі әйелге берілді
19 маусым 2019
5845
0
Оқу режимі
Осыдан бірнеше ай бұрын Сауд Арабиясы королдігінде әйелдерге тағы бір мүмкіндік жасалып, ұшқыш қызметін атқаруға рұқсат берілген болатын. Арада өткен аз ғана уақыт ішінде саудиялық әйелдер тағы бір жетістікке қол жеткізіп отыр.
Nesma Airlines әуе компаниясының ұшқышы Ясмин әл-Маймани жақында ұшақ командирі қызметіне көтеріліп, өзінің басшылығымен алғашқы рейсін өткізіп қайтты.
Ол өзінің қуанышымен әлеуметтік желіде бөлісіп, «Аллаға шүкір, мен өз арманымды орындадым. Алғашқы ұшақ командирі атандым» деп жазба жариялаған.
Дереккөз: muslim.kz
Пікірлер
Кіру