ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҰЖЫМДЫҚ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

24 қазан 2024 777 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласының өкілі Ерболат Жүсіповтың басшылығымен аптаның әр бейсенбісінде үрдіске айналған елорда имамдарына арналған ұжымдық жиын болып өтті.

Жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамалары аясында жүзеге асырылуы тиіс күн тәртібіндегі негізгі тапсырмалар талқыланып, орындалу барысы таныстырылды.

Сондай-ақ, әртүрлі бағытқа жауапты мамандарға Астана қаласының Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы тиісті тапсырмаларды жүктеп, өздеріне артылған аманатты орындауда жауапкершілікпен қарап, өкілдік қызметкерлерін қырағы болуға шақырды. Ал, басқосу соңында ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға-тілек жасалып, жасы үлкен ардагер имамдар ақ батасын берді.

Айта кетсек, Астана имамдарымен өтіп жатқан аталмыш ұжымдық жиын әр аптаның бейсенбі күні жалғасын тауып отырады.

Пікірлер Кіру