Гамбиялық делегация «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етті (ФОТО)

20 қыркүйек 2018 7555 0
Оқу режимі

Кеше Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне бір топ делегацияны Гамбия Республикасының Сырты істер министрі Мамаду Тангара мырза бастап келді. Мәртебелі меймандар зәулім мешітке бас сұғып, құлшылық ордасымен танысып қайтты. Қазақстан жеріне ресми іссапармен ат басын тіреген гамбиялық қонақтар еліміздің Бас мешітін көріп қайтуды арнайы ниет еткен көрінеді.

Лауазымды қонақтарды мешіттің хаттамаға жауапты наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қарсы алып, құлшылық ордасының құрылысымен және тыныс-тіршілігімен таныстырды. Шетелдік делегаттар тіпті жамағатпен бірге асыр намазын бірге оқып, министр Мамаду Тангара мырза екі елдің өркендеуі, тыныштығы мен достығы жолында дұға жасады.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру