Газа аймағымен шекарасына құрыштан құйылған қорған тұрғызуға кірісті

06 ақпан 2019 7450 0
Оқу режимі

Израиль мемлекеті Газа аймағымен шектесетін тұсқа биіктігі алты метр болатын, ұзындығы 65 метрге созылған құрыш қорған тұрғызу ісіне кірісті. Бұл жайында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді.

Israel Hayom газеті хабарлағандай, Нетаньяху Үкімет отырысында Газа шекарасындағы құрыш қорған «палестиналықтардың Израильге енуіне» тосқауыл болатынын атап айтқан. Ал, палестиналықтарға қатысты «егер олар тыныш жүрмесе, біз оларға қарсы міндетті түрде шара қолданамыз» деп доқ көрсетті.

Газетте айтылғандай, құрыш қабырға жерасты жолдарын анықтауға арналған бөгетпен жалғасатын болмақ. Ал, батысында Жерорта теңізіне салынып судың астыңғы және су бетінде бірдей салынып жатқан тосқауылмен шектеседі. Қоршаудың оңтүстігі «Керем Шалом» елдімекенінің күзет аумағына барып тіреледі.

Тегтер: Израиль Газа

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру