Гуманитарлық көмек көрсетудің көшбасшысы анықталды
25 маусым 2018
7560
0
Оқу режимі
Былтырғы жылғы көрсеткіштер бойынша гуманитарлық көмек көрсету жөнінен Түркия мемлекеті бірінші орынға шығып отыр. Британдық Даму ұйымының «Әлемдегі гуманитарлық көмектердің көлемі жөнінде» жыл сайынғы баяндамасында Түркия билігінің бір жылда 8,07 млрд доллар жұмсағаны айтылады.
Аталмыш баяндамада көрсетілгендей, 2017 жылы гуманитарлық көмек көрсету бойынша АҚШ – 6,,68 млрд, Германия – 2,99 млрд, Британия – 2,52 млрд, Еуро Одақ – 2,24 млрд доллар көлемінде қаржы жұмсаған екен.
Құжатта айтылғандай, әлемнің 134 елінде 201 млн адамға гуманитарлық көмекке зәру көрінеді. Ал, олардың көпшілігі Иемен, Сирия және Түркия мемлекеттерінде тұрып жатыр.
Пікірлер
Кіру