Карантиндегі әйел суреті әлемдік жүлдеге ие болды

20 тамыз 2021 5948 0
Оқу режимі

«Анадолы» ақпарат агенттігінің ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан Istanbul Photo Awards жүлдесі фотографтар арасында айрықша беделге ие. Осымен жетінші жыл қатарынан өтіп жатқан бұл сайыстың биылғы «Жыл фотосы» атағына Бангладеш елінен шыққан Мухаммед Шаяхан лайық деп табылды.

Оның айтуынша, бірде ол Читтагонг провинциясындағы Халишахар ауданына коронавирустан қайтқан бір жақынының жаназасына қатысуға барады. Сол кездің назарын «көрші үйдің есігінде тұрған жас қыз» аударады. «Ол шыны есікке жапсырғыш арқылы гүлдерді орналастырды. Сосын жүректің пішінін салып, ішіне «МАМА» деп жазды».

«Бұдан кейін Махмуд Ханам есімді әйел есікке жақын келіп, жаңағы гүлдерді иіскеуге тырысты. Оттегі аппаратымен жүрген әйелдің гүлдің иісін сезіне алмағаны білініп тұрды. Дәл осы сәтте мен індеттің біздің өмірімізді қаншалықты өзгерткенін түйсіндім», – дейді Мухаммед Шаяхан.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру