КӨКТАЛ МЕШІТІНДЕ «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

17 қараша 2024 623 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты Көктал мешітінде ҚМДБ «Жастар ісі» секторының меңгерушісі Бағжан Ерболатұлының қатысуымен «Мен жастарға сенемін» атты семинар болып өтті.

Жиынға құлшылық үйінің бас имамы Сәбит Ережепов пен имам, ұстаздар және мешіт жамағаты қатысты. Басқосу барысында бабалар үміт артып кеткен бүгінгі жастардың беталысы мен рухани қарқыны, білім көкжиегі мен жетістіктерге жетуге деген талпынысы сөз етіліп, алға ұлы мақсаттар қойып, ел үшін, дін үшін қызмет етудің мән-маңызы айтылды.

Ғылым мен технология дамыған заманда діні мен дәстүрін қатар ұстана отырып, имани иммунитетті басты іргетас ретінде қалап, жаңашылдыққа ұмтылу, өзгерістер мен сырттан келетін жақсы да жаман факторларға жауап бере алу, өзге елдің артықшылықтарын үйрене отырып, дініміз мен әдет-ғұрпымызға жат дүниелерден сақтану мәселелері әңгіме өзегіне айналды.

Иә, Мағжан сенген, кешегі бабалар үміт артқан ұлт жастары қашанда бірлік пен ынтымақта әрекет ете отырып, ізгілер жолын жалғаса босағасы берік ел боларымыз анық.

Пікірлер Кіру