МҮФТИЛЕР АЛҚАСЫ «ИСЛАМ ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚ ДӘСТҮРІН ҚОЛДАЙДЫ» ҚҰЖАТЫН ҚАБЫЛДАДЫ

03 қазан 2024 828 0
Оқу режимі

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының V мәжілісінде «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» құжаты қабылданды.

Аталған құжат мәтінінде: «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы түркі халықтарының мәдениетінде ерекше орын алады. Біз осы маңызды мәселені шариғи тұрғыдан халыққа түсіндіруді жөн санаймыз. Біздің мақсатымыз – сан ғасырлардан бері қалыптасқан дәстүрлі діни танымымызды жаңсақ жорамалдардан қорғау. Дін мен дәстүрімізден бүр жарған ұлттық болмысымызды, әдет-ғұрпымызды сақтау. Ежелден қалыптасқан мұсылманшылық дәстүрлерімізді, мәзһабымыз бен мектебімізді қайта жаңғыртып, ғасырлардан жеткен мұраларымызға ие болу. Қоғамды ынтымаққа ұйытатын, бірлікке бастайтын құндылықтарды қадірлеу. Дәстүрінен, дінінен, ділі мен тілінен, әдет-ғұрпынан ажыраған елдің болашағы жоқ. Сол үшін рухани құндылықтарымызды құнттай білу аса маңызды» делінген.

 ​

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру