Мұсылман полицейлер тар шалбардан құтылды

19 қыркүйек 2018 8723 0
Оқу режимі

Ұлыбританиядағы полиция сапында қызмет атқаратын мұсылман әйелдері үшін қуанышты оқиға орын алды. Басшылық шешімімен енді полицей сапындағы мұсылман әйелдеріне кең шалбар киюге рұқсат беріліп отыр.

Айта кетейік, осыдан сәл бұрын Ұлыбритания билігі полицейлерге орамал тартуға рұқсат берген болатын. Алайда, олардың қызметтік киімі шариғат талаптарына сәйкеспеген күйі қалдырылған еді: тыртысқан шалбар әйелдердің мүсінін айқындап тұратын, ал көйлектері қысқалау болатын.

Енді полицей мұсылман әйелдері кең шалбар киіп, етегі ұзындау келетін көйлек киюлеріне толық рұқсат алып отыр.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру